Бүгін еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мұндай күндері мамандар ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын аумақтарда серуендеуді шектеуге кеңес береді.

31 Қазан 2026, 08:32
АВТОР
 BAQ.KZ архиві 31 Қазан 2026, 08:32
31 Қазан 2026, 08:32
189
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 31 қазанда Қазақстанның он қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау және Астанада күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұған желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар әсер етеді.

Мұндай күндері мамандар ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын аумақтарда серуендеуді шектеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн.

Сондай-ақ созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруі керек. Ашық ауадағы дене белсенділігін азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан дұрыс.

Наверх