Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрады

14 Мамыр 2023, 08:41
1022
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрады
Фото: turkystan.kz

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік – шығыста шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыста, күндіз шығыста, оңтүстік-батыста бұршақ жауады.

Өзгелердің жаңалығы