Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылады

Жалпы республика бойынша бірқатар қолайсыз метеоқұбылыстар күтіледі

 pexels.com Бүгiн 2026, 10:05
Бүгiн 2026, 10:05
127
Фото: pexels.com

9 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды жүйелердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Әсіресе солтүстік өңірлерде, сондай-ақ түнгі уақытта батыс пен солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал.

Ал Қазақстанның шығысында антициклон жотасының ықпалы байқалып, бұл өңірде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Жалпы республика бойынша бірқатар қолайсыз метеоқұбылыстар күтіледі. Атап айтқанда, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Сонымен қатар бірқатар аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысы мен батысында, Алматы және Жетісу облыстарының жекелеген бөліктерінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері ауа райының күрт нашарлайтынын ескерткен еді.

Кеше еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

Наверх