Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

24 Желтоқсан 2022, 16:25
855
Бөлісу:
Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайдан ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидромет таратқан мәліметке сәйкес, тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман күтіледі.

24 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Жезқазған, Шымкент, Алматы қалаларында күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы