Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады

12 Қараша 2022, 07:41
1103
Бөлісу:
Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 3 қаласына жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 12 қарашада Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы