Бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі

16 Наурыз 2019, 10:28
2543
Бөлісу:
Бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжауынша, кей жерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен, оңтүстікте шаңды дауылмен болады.  

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Павлодар облысында жел 15-20, күндіз кей жерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерде жаяу бұрқасын күтіледі, Павлодар обласының кей жерінде түнде көктайғақ болады. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болады. 

Алматы облысының кей жерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с, күндіз екпіні 28 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерінде найзағай болады. 

Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы