Бүгін елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады

23 Шілде 2023, 11:18
585
Бөлісу:
Бүгін елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады
Фото: BAQ.KZ

Тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Желдің күшеюі байқалады, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Кызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағаңды, Абай, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық болады. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады, - деп делінген хабарламада.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы