Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

ҚМЖ кезінде атмосфералық ауа сапасы нашарлап, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:55
Бүгiн 2026, 08:55
125
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 14 сәуірде Алматы және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің түсіндіруінше, мұндай жағдайлар ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығынан туындайды. Олардың қатарында желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия бар.

ҚМЖ кезінде атмосфералық ауа сапасы нашарлап, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар үшін қауіп жоғары.

Мамандар қолайсыз кезеңде:

  • ашық ауада болу уақытын шектеуді;
  • жол бойы және ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеуді;
  • балалар мен жүкті әйелдерге серуендеуді қысқартуды;
  • созылмалы аурулары бар азаматтарға қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруді ұсынады.

Сондай-ақ ашық ауадағы белсенділікті азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысуға кеңес беріледі.

Наверх