Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

26 Қараша 2022, 08:11
1958
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 қараша күні Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген Қазгидромет мәліметінде.

Еліміздің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы