Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

13 Қараша 2022, 08:40
910
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы мен Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 қараша күні Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы. Шымкентте де осындай, кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады, - деп жазды ведомстводан.

Бүгн тәулік бойы, 14 қараша түнде екі қалада да метеорологиялық жағдайлар атмосфераға ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің төмен болуы күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы