Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 525 — 532 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 542 — 549 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,80 — 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 525,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,88 теңге. Еуро — 546,74.