Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады

16 Маусым 2023, 06:42
411
Бөлісу:
Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады
Фото: архив

«Қазгидромет» синоптиктері 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары қысымның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек қана батыста, солтүстік-батыста, қиыр шығысында атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

Республика бойынша жел күшейеді. Елдің орталығында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облыстарының шөлді аудандарында қатты ыстық сақталады.

Жетісу, Абай, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы