Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады

1 Маусым 2023, 08:39
872
Бөлісу:
Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Қазгидромет 1 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Антициклон жырасы әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталуда, батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп күтілуде. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, - деп жазды синоптиктер.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы