Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

4 Наурыз 2024, 07:07
431
Бөлісу:
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: BAQ.KZ архив

Дүйсенбі, 4 наурызда елдің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе мен Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Өзгелердің жаңалығы