Бүгін ауа райы қандай болады

1 Қаңтар 2023, 10:12
1094
Бөлісу:
Бүгін ауа райы қандай болады

Қазгидромет 1 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ел аумағының басым бөлігі әлі де циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан басым аумақта қар жауады, батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстанның басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады.

Өзгелердің жаңалығы