Астанадағы медколлежде марқұм фельдшердің құрметіне арнайы сынып ашылады
Астанада басына кондиционер құлап, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне Медициналық колледжде арнайы аудитория ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада басына кондиционер құлап, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне Медициналық колледжде арнайы аудитория ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.
Айтуынша, қайғылы жағдайға байланысты тергеу әлі жалғасып жатыр.
Онда құрылыс нормалары мен ережелеріне қатысты сұрақ көп. Сол талаптар кезінде бұзылған болуы мүмкін, – деді Ақмарал Әлназарова.
Сонымен қатар ведомство басшысы министрлік марқұм фельдшердің құрметіне арнайы аудитория ашу бастамасын көтергенін айтты.
Марқұм (Ұлдана Мырзуан - ред.) білім алған медициналық колледжде оның аты берілетін аудитория ашуды жоспарлап отырмыз, – деді министр.
Еске салайық, биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің фасадынан сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шекті. 18 қарашада 23 жастағы Улдана Мырзуан ауруханада көз жұмды.
- АҚШ-тың 13 штаты мен Вашингтонда энергетикалық төтенше жағдай жарияланды 08:49
- Әлемде мұнай бағасы қайта өсті 08:35
- Ұлттық қор – балаларға: 2026 жылы әр балаға 130,71 доллардан берілді 08:30
- Алматыда көлік тұрағына таласқан ер адам көршісін пышақтап өлтірді 08:19
- Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 08:10
- Ресейдің Urals мұнайын Үндістанға тасымалдау құны тарихи рекордқа жетті 07:47
- Қазақстан мен «Доңға» операторы дауды реттеді: Ел экономикасына қандай пайда түседі? 07:30