Бүгін Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс. Соның салдарынан ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

 pixabay 17 Шілде 2026, 08:56
17 Шілде 2026, 08:56
113
Фото: pixabay

17 шілдеде күндіз Алматыда, ал түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс. Соның салдарынан ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандар мұндай кезде:

  • ашық ауада, әсіресе автожолдар мен ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт жүрмеуге;
  • балаларға, жүкті әйелдерге және созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға серуендеуді шектеуге;
  • сыртта ауыр дене жүктемесінен бас тартып, спортпен жабық ғимараттарда айналысуға кеңес береді.

Ауа сапасына желдің күші, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық жағдайлар тікелей әсер етеді.

Наверх