Бүгін ақын, аудармашы Ғаббас Жұмабаевтың туғанына — 100 жыл, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаламгер «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Ара» журналында фельетонист, кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы информация агенттігінде аудармашы қызметін атқарды.
Ғаббас Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы – «Нөсер» 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Мерей», «Жомарт күз» сынды жинақтары оқырманға ұсынылды. Ол Л. Толстойдың «Крейсер сонатасы» повесі мен бірнеше әңгімелерін, К. Хетагуровтың өлеңдер жинағын, Г.Андерсеннің ертегілер кітабын, Самед Вургунның «Бакудастан» поэмасын, Н.Тихоиовтың, С.Прокофьевтің және басқа ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды.