Бүгін, 19 сәуірде Ақтөбе мен Атырау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың айтуынша, бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) қалыптасуы ықтимал.
ҚМЖ — атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін табиғи жағдайлар (тұман, әлсіз жел, инверсия және т.б.). Бұл құбылыс кезінде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауа сапасына әсер ететін негізгі метеорологиялық факторлар — желдің болмауы, жоғары ылғалдылық, температуралық инверсия, сондай-ақ жауын-шашынның болмауы.