Бүгін Алматыда қолайсыз метеожағдай болуы мүмкін

28 Қазан 2022, 07:42
9438
Бөлісу:
Бүгін Алматыда қолайсыз метеожағдай болуы мүмкін

Қазгидромет бүгін Алматы қаласында ауа райы бұлтты, түнде жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жел жылдамдығы – секундына 0-5 метр. Ауа температурасы 2-4, күндіз 6-8 градус жылы болады. Ал 29 қазан күні түнде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі - 3-8 м/с. Ауа температурасы 0-2 градус жылы, - деп хабарлады ведомстводан.

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, 28 қазан тәулік бойы, 29 қазан түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің төмен болуы күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы