Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

7 Наурыз 2023, 08:40
1051
Бөлісу:
Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: google.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдай тек Алматы қаласында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы