Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

14 Қараша 2022, 08:28
724
Бөлісу:
Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Бүгін Алматы қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 қараша күні қалада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел жылдамдығы - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус салқын, күндіз 9-11 градус жылы. Келесі күні де осындай.

Бүгін – тәулік бойы, ертең түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің көтеріңкі болуы күтілуде, - деп жазды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы