Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

15 Наурыз 2023, 06:45
758
Бөлісу:
Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 15 наурызға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 наурызда Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы