Бүгін 6 қалада ауа ластанады

3 Наурыз 2024, 08:20
478
Бөлісу:
Бүгін 6 қалада ауа ластанады
Фото: архив

Бүгін 6 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

3 наурызда Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы