Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

21 Маусым 2024, 08:45
1021
Бөлісу:
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

Бүгін еліміздің 5 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 21 маусымда Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы