Бүгін 4 қалада ауа ластанады

10 Қараша 2022, 07:52
3135
Бөлісу:
Бүгін 4 қалада ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

2022 жылғы 10 қарашада Алматы, Шымкент, Атырау және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы