Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

26 Шілде 2023, 07:30
476
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК республика қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 шілде, сәрсенбі күні Алматы, Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы