Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

25 Қараша 2022, 08:34
819
Бөлісу:
Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

25 қарашада Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, жұма күні ауа сапасының нашарлауы тек екі қалада – Алматы және Шымкентте күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы