Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық қатынастар талқыланды

22 Ақпан 2021, 21:50
1721
Бөлісу:
Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық қатынастар талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесіп, екі елдің парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму келешегін талқылады.

Елші сұхбаттасушыны елде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалар, сондай-ақ тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктері туралы хабарлады.

Өз кезегінде Ш.Лежак Қазақстанды 30-жылдық Тәуелсіздігімен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы