Бұдан былай қазақ радиоларын мобильдік қолданбамен тыңдауға болады

9 Желтоқсан 2019, 10:03
2566
Бөлісу:
Бұдан былай қазақ радиоларын мобильдік қолданбамен тыңдауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Smart Astana мобильдік қолданбасының қолданушылары музыканы мүлдем тегін тыңдай алатын болады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді.

Өз телефоныңызда музыканы тегін тыңдағыңыз келеді ме? Енді ол Smart Astana мобильдік қолданбасы арқасында қолжетімді. Ең танымал төрт радио біздің қолданбамызға енді. Олар – Қазақ радиосы, "Classic" радиосы, "Шалқар" радиосы және "Астана" радиосы, - деп атап өтті Бектұрова.
Smart Astana мобильдік қолданбада 70-тен астам сервистер мен қызметтер қамтылған. Ең көп сұранушылыққа ие қызметтерге дәрігердің қабылдауына жазылу, әкімшілік айыппұлдарды және бұзушылықтарды, еңбекке жарамсыздың парағының "түпнұсқалылығын", тұрғын-үйге кезекті, көліктің техникалық бақылауын тексеру қызметтері жатады.

Бұдан бөлек, осы платформада қайырымдылық жобаның пайдасына қаражатты жылдам және қауіпсіз аударуға болады. Яғни, краудфандингтік платформа ашық.

Smart Astana мобильдік қолданбасы арқылы бірыңғай жиынтық төлем жасауға болады. Бар болғаны "Менің төлемдерім" бөліміне кіріп, "Бірыңғай жиынтық төлем" бастырмасын таңдау керек және ЖСН-ді енгізе отырып, төлем жасау керек. Сонымен бірге, Smart Astana Қазақстанның ақылы жолдарында жол ақысын онлайн және кезексіз төлеуге мүмкіндік береді. Ол үшін "Көлік" бөлімінде "Қазавтожолды" таңдаңыз, өз автоңыздың нөмірін және жол ақысын енгізіңіз, - деп хабарлады "Astana Innovations" баспасөз-қызметі.

 

Өзгелердің жаңалығы