Бұдан былай ауылдағы үйді кепілдікке қойып, кәсіп ашуға болады

17 Ақпан 2023, 12:33
1826
Бөлісу:
Бұдан былай ауылдағы үйді кепілдікке қойып, кәсіп ашуға болады
Фото: exlibra.com.ua

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов бүгін Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Өңір басшысы «Ауыл аманаты» жобасына ерекше тоқталып өтті. 

Біз жобаны іске асыру барысында бірінші рет 2,5 пайызбен екінші деңгейлі бірде-бір банк (кепілге – ред.) қабылдамайтын ауылдағы үйлерді ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне кепілге шығару туралы шешім қабылдадық. Бұл ауыл тұрғындары үшін керемет үлкен мүмкіндік. Басқа жолы жоқ деп ойлаймын. Сондықтан осы бағытта біз АӨК-нің функцияларына тез арада осындай өзгерістер енгізсек, біраз мүмкіндіктер туады. Бір сөзбен айтқанда, АӨК-нің мүмкіндігі мен екінші деңгейлі банктердің мүмкіндігін ұштастыруға ерекше қажеттілік туындап отыр, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

Айта кетерлігі, былтыр жыл соңында елімізде алғаш болып Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асырылға басталды.

 Жоба қарапайым ауыл тұрғындарын бағытталған ескеріп халық ішінде жоғары бағаға ие болды. Өйткені бұл жоба нақты отбасылардың тұрмысын жақсыртуға тікелей арналған. Сонымен қатар Президентіміз 1 млн ауыл тұрғындарын қамтитын ауылдарды дамытуға 1 трлн. теңге бөлу туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл ретте, ауыл мәртебесін көтеруде үлкен жауапкершілікті сезіне отыра, барлық ауыл тұрғындары Мемлекет басшысына алғысын білдіруде! Расында да, ауылдың мәселесі шешілмей - қаланың мәселесі шешілмейтіні айдан-анық, - деді облыс әкімі.  

Өзгелердің жаңалығы