ҰБТ кезінде бір сұрақ үшін мың доллар мен жылқы ұсынған

7 Ақпан 2020, 16:46
1301
Бөлісу:
ҰБТ кезінде бір сұрақ үшін мың доллар мен жылқы ұсынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов журналистерге сұхбат берген кезде хабарлады. 

Мен халыққа ашық болайын деп өз телефонымды әлеуметтік желіге жазып қойған едім. Алайда өкінішке қарай ҰБТ кезінде маған өтініш айтып, көмек сұрағандар көп болды. Пара ретінде соғым да, жылқы да ұсынды, менің банк картамды сұрап, ақша салғысы келгендер де болды. Мен әркез өз ұстанымымнан таймайтынымды айтып, жауап беретінмін. Ең көп ұсынған ақша  ҰБТ-ның бір сұрағына 1 мың АҚШ долларын ұсынған азаматтар да болды, - деді Дидар Смағұлов.

Осыдан кейін орталық басшысы ҰБТ кезінде түрлі айла қолданып, тест тапсырғысы келетіндерге қандай жаза қолданылатын түсіндіріп кетті. 

Жалпы ҰБТ-ны жылына төрт рет (қаңтар, наурыз, шілде және тамыз) тапсыруға болады. Шілдеден басқасында азаматтар ҰБТ-ның коммерциялық бөлімге түсу үшін тапсырады. Шілде айында тест мемлекеттік грант тағайындау үшін өткізіледі. Егер қаңтар айындағы тест барысында адам өз орнына басқаны жіберіп, қулық жасап ұсталса, онда ол бір жыл бойы емтихан тапсыра алайды. Демек бір жыл уақытын зая кетіреді. Бұл ұялы телефон алып кіргісі келетіндерге де қатысты. Егер ол қаңтарда бір, наурызда екінші рет ұсталса, онда ол да емтиханнан бір жылға шеттетіледі. Осылайша біз тест кезінде алдауды, көшіруді тоқтатқымыз келеді. Себебі мұндай әрекеттер арам өмірдің бастамасы, - деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.
Өзгелердің жаңалығы