Британияда пойыздар соқтығысып, 12 адам жарақат алды

1 Қараша 2021, 08:51
2585
Бөлісу:
Британияда пойыздар соқтығысып, 12 адам жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солсбери шаһарында екі пойыз соқтығысты. Тунельдің ішінде болған жол апатынан 12 адам жарақат алған деп хабарлайды 24.kz. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Бристоль қаласына беттеген пойыздың соңғы вагоны шойын жолдан шығып кетіп, екінші пойызға соғылған.

Оқиға орнына 50-ге жуық дәрігер мен өрт сөндіруші жетті. Құтқарушылар жолаушыларды терезеден шығарып алған. 

Солсбери вокзалына жақындап қалған едік. Кенеттен пойыз дірілдей бастады. Кейін бір нәрсеге қатты соғылды. Абырой болғанда, терезені сындырып сыртқа шықтық. Өте қорқынышты болды, - дейді жолаушы Люси Грегори.



Өзгелердің жаңалығы