Британия билігі коронавирусты халыққа аса қауіпті дерт деп жариялады

11 Ақпан 2020, 00:23
2099
Бөлісу:
Британия билігі коронавирусты халыққа аса қауіпті дерт деп жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде коронавирус жұқтырған төрт адам бар. Барлығы ауруханада жатыр. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның алдын алу шараларын шешіп жатыр.

Британия Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок "2019-nCoV коронавирусы Британия халқына аса қауіпті" деп мәлімдеді. Бұл туралы 10 ақпанда Sky News хабарлады.

Коронавирустың жаңа түрінің тарауы немесе жұғуы халық үшін аса қауіпті болып тұр. Қазіргі қолға алынып отырған шаралар оны тоқтату не жұқтырмау үшін тиімді деп есептейміз, - деді Хэнкок.

Қазір Британияда төрт адам коронавирус жұқтырған. Науқастар Вирралдағы Эрроу-парк және Милтон-Кейнстегі Парк Кентс ауруханасында жатыр.
Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус салдарынан Қытайға сарапшыларды жіберді.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 908-ге жетті. Ал қауіпті дертке шалдыққандардың саны 38 мыңға жуықтаған.

Өзгелердің жаңалығы