Британдық ғалымдар тіршілікке қолайлы ғаламшарды тапты

13 Ақпан 2022, 15:45
2299
Бөлісу:
Британдық ғалымдар тіршілікке қолайлы ғаламшарды тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық ғалымдар «ақ ергежейлі» орбитасынан тіршілікке қолайлы ғаламшарды анықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Британияның астрономиялық қоғамының бюллетенінде жарияланған зерттеу нәтижесіне сай, ғаламшар «ақ ергежейлі» жұлдыздың орбитасынан табылған. Егер ғалымдардың нәтижелері нақтыланса, бұл осындай жұлдыз орбитасындағы тіршілікке қолайлы бірінші ғаламшар болмақ. 

Біз «ақ ержегейлі» айналасында мұндай құбылысты бірінші рет бақылып отырмыз. Сол себепті оның орбитасын айналатын ғаламшарда тіршілік болуы мүмкін. Енді астрономдар басқа «ақ ергежейлілер» айналасында жаңа ғаламшарларды іздеуі керек. Аспанда бірнәрсе анықталып жатса, ол жалғыз емес дегенді білдіреді. Бұл астрономиядағы қалыпты жағдай, - дейді  деді зерттеу жетекшісі, Лондон университеттік колледжінің профессоры Джей Фарихи.

 

Өзгелердің жаңалығы