Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

1 Ақпан 2023, 11:58
900
Бөлісу:
Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар экс-министрі Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Серікқали Брекешев тағайындалды. Ол газ жобаларын дамыту бағытына жетекшілік етеді, - делінген ҚазМұнайГаздың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Серікқали Брекешев 2021 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды. 

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, бас директордың ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары, Мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры; «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Құрақұдық» ЖАҚ компанияларында инженерлік техникалық қызметтер атқарды. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компания басшылығының құрамында бұдан да басқа өзгерістер бар.

Басқарма төрағасының орынбасары 

Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев Ақтаудағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдігінің директоры лауазымына ауысуына байланысты өз қызметінен кетті. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қ.Есқазиевке жемісті әрі сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа кәсіби бағытта табыс тіледі. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Дәулетжан Хасанов тағайындалды. Ол операциялық активтердегі мұнай мен газды барлау және өндіру бағытына, олардың тиімділігін арттыруға және одан әрі дамытуға, сондай-ақ ҚМГ-нің ресурстар базасын кеңейтуге және кен орындарын тиімді игеруге жетекшілік ететін болады. 

Д. Хасанов әр жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды.

Басқарма төрағасының орынбасары

Басқарма төрағасының ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасары Мұрат Мұнбаев 2022 жылғы желтоқсан айында өз еркімен қызметінен кетті. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Қуаныш Құдайбергенов тағайындалды. Ол ірі мұнай-газ активтері бағытына жетекшілік ететін болады.

Әр жылдары «Интегра» ЖАҚ-та бұрғылау инженері, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ техникалық маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобаларын дамыту департаментінің менеджері болып жұмыс істеді, «ҚМГ Қансу Оперейтинг» ЖШС, «Ромпетрол C.A.» компанияларында басшылық қызмет атқарды.

2017 – 2021 жылдары –Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры.

2021 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы