Бразилиялық футболшы Қазақстан азаматтығын алды

3 Наурыз 2022, 09:53
1261
Бөлісу:
Бразилиялық футболшы Қазақстан азаматтығын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Жоао Пауло Қазақстан Республикасының азаматы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz . 

Жоао Пауло Қазақстан азаматтығын алды. Біз ұлттық құраманың құрамында күтеміз, – деп жазылған. 

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта бразилиялық футболшы алматылық «Қайраттың» сапында жүр, ал оған дейін шымкенттік «Ордабасы» сапында үш маусым ойнаған болатын. Жалпы ҚПЛ чемпионатында шабуылшы осы уақытқа дейін 70 матч өткізіп, 36 гол соқты.

Өзгелердің жаңалығы