Бразилияда орман ағашы жойылып барады

14 Тамыз 2022, 08:07
1559
Бөлісу:
Бразилияда орман ағашы жойылып барады

Бразилияда орман ағашы рекордты деңгейде азайып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Үкімет таратқан мәлімет бойынша соңғы 7 айда 5 жарым мыңдай шаршы шақырым жасыл желек жойылған. Аймақ бірінші кезекте өрттен зардап шегуде. Әсіресе ең үлкен қауіп Амазон орманына төніп тұр.

Мамандар ормансыз қалған аумақтың көлемі Нью-Йорк қаласынан 7 есе көп екенін алға тартады.

Өзгелердің жаңалығы