Бразилияда балабақшаға шабуыл жасалып, 4 бала қаза тапты

6 Сәуір 2023, 09:43
564
Бөлісу:
Бразилияда балабақшаға шабуыл жасалып, 4 бала қаза тапты
Фото: REUTERS

Бразилияның оңтүстігіндегі Блуменау қаласында балтамен қаруланған қаскөй балабақшаға шабуыл жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салдарынан төрт бала қаза тауып, тағы төртеуі жараланды.

BBC хабарлағандай, қылмыскер балабақшаның қоршауынан секіріп өтіп, қарудан оқ жаудырған. Кейін полиция бөлімшесіне өзі барып, қамауға алынған.

Штатта осы жан түршігерлік қырғынға байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. Штат мектептерінде барлық сабақ ертеңге дейін тоқтатылады.

Өзгелердің жаңалығы