Бразилия президентінің инаугурациясына қарулы адам жасырын түрде кіруге әрекеттенді

2 Қаңтар 2023, 12:03
628
Бөлісу:
Бразилия президентінің инаугурациясына қарулы адам жасырын түрде кіруге әрекеттенді

Бразилия полициясы президент Лула да Сильваның инаугурациясына кірмек болған қылмыскерді пышақ пен жарылғыш затпен ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Globo порталына сілтеме жасап.

Ұсталған адамның қолында жарылғыш зат пен пышақ болған.

Оқиғаның жай-жапсары нақтыланып жатыр.

Бразилияда 30 қазанда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтіп, онда Лула да Силва қазіргі президент Джейр Болсонаро аз ғана басымдықпен жеңді. Қараша айында Бразилияның жоғары сайлау соты Болсонаро партиясының президенттік сайлаудағы дауыстардың бір бөлігін жою туралы арызын қабылдамады.

Өзгелердің жаңалығы