Браконьерден 106 киік мүйізі табылды

5 Ақпан 2021, 01:28
1877
Бөлісу:
Браконьерден 106 киік мүйізі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғынының өз үйінде 106 киік мүйізі мен екі дана тіркелмеген аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды, деп хабарлайды azh.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында ер азаматтың түнгі уақытта «Yaqi» мотоциклімен заңсыз аңшылықпен айналысып, көлеңкелі саудада емдік қасиетіне бола бағасы жоғары киіктің мүйіздерін ара-тұра кесіп алып жүргені анықталды.

ҚР ҚК-нің 339-бабының 3-бөлігі (Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы