БҚО тұрғыны ауылдасын қатыгездікпен өлтірген

8 Қазан 2022, 11:47
1243
Бөлісу:
БҚО тұрғыны ауылдасын қатыгездікпен өлтірген

БҚО тұрғыны ауылдасын қатыгездікпен өлтірген БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ауылдасын өлтірген А.Сысоевқа үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, А.Сысоев ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар қылмысты жасырғаны үшін А.Былинкин ҚР ҚК 432-бабына сәйкес 4 жылға сотталды. Оның іс-әрекетінде қылмыстың қайталануы (бұдан бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген) ескерілді. Сол секілді В.Соколов пен В.Стоякин осы бапқа сәйкес 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сотталушылардың бәрі де жазасын қауіпсіздігі барынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. 

Сот талқысында белгілі болғандай, өткен жылдың 25 қараша күні шамамен 18.00-де Бәйтерек ауданы Январцев ауылында аталған төртеу ауылдасы Михаил Крайновпен бірге арақ ішкен. Соның барысында Сысоев пен Крайнов сөзге келген. Соны желеу еткен Сысоев өткір темір кесіндісімен Крайновтың денесіне бірнеше соққы жасаған. Құлаған кезде жіппен қылғындырып өлтірген. Содан кейін қылмыстан жалтару үшін А.Сысоев А.Былинкин, В.Стоякин, В.Соколовпен бірге марқұмның денесін үйден алып шығып, мотороллермен апарып, Жайық өзеніне лақтырып жіберген. 

Сотталушылар кінәсін мойындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы