БҚО. Су тасқынынан кейін адамдар үйлеріне оралып жатыр

16 Наурыз 2023, 11:22
587
Бөлісу:
БҚО. Су тасқынынан кейін адамдар үйлеріне оралып жатыр
Фото: скриншот

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір тәулік ішінде жұмыстар Орал қаласы мен облыстың 6 ауданында – Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандарында жүргізілді, инертті материал салынған қаптар төсеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы 6000-ға жуық қап төселді, 84000-ға жуық текше метр су сорылды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша инертті материал салынған 32 000 қап төселді, 420 000 текше метр су сорылды. Тартылған күш пен құралдардың жедел іс-қимылының арқасында бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталуда, 100-ден астам адам өз үйлеріне оралып жатыр. Бұрын эвакуацияланған 188 адам туыстарының үйлерінде. Жағдай тұақты бақылауда. Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жүргізіліп жатыр, - деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

 Сонымен қатар, өткен тәулікте Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында жағдай тұрақтанды, күш пен құралдар басқа учаскелерге жіберіліп жатыр.

 Қазіргі уақытта Орал қаласы аумағында орналасқан Дерқұл және Шаған өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. 11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылданып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы