БҚО кәсіпорындары Арыста жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын

28 Маусым 2019, 17:52
1202
Бөлісу:
БҚО кәсіпорындары Арыста жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы өндірістік кәсіпорындар Арыста құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайын, деп жазады Хабар 24.

Арыс қаласының шартты түрде 17 бөлікке бөлінгені мәлім. Оралдықтар 11-секторда жұмыс істейді. Қазір жарылыс зардаптарын есептеу мақсатында құрылған комиссия мүшелері осы аумақтағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың жағдайын тексеріп жатыр. Көптеген үйлердің есік-терезелері сынып, шатырлары қираған. Мамандардың айтуынша, атқарылатын жұмыстардың нақты көлемі анықталған кезде аймақтан құрылыс жасақтары аттанады.

«Орал мен Арыс қаласының арасы 2000 км болса да біздің құрылыс мекемелері мен құрылыс комбинаттарының Арысқа көмек ретінде өзінің материалдарын жіберуге дайын. Оның арасында атап өтетініміз құрылыс материадарының ішіндегі силикатный кірпіш, 2 бізде домостроительный комбинатымыз бар. Әйнек шығаратын, профлистіміз бар, соның бәрін жіберуге біздің мекемелеріміз дайын», - дейді Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы, Ақжол Охасов.

Өзгелердің жаңалығы