БҚО-да жел сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті

20 Тамыз 2022, 02:42
1715
Бөлісу:
БҚО-да жел сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті

Батыс Қазақстан облысында күшті жел аудандық сот ғимаратының шатырын ұшырып түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.30-да Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылында болды.

Екпіні секундына 19 метрге дейін жеткен желдің салдарынан қос қабатты аудандық сот ғимаратының 200 шаршы метр шатыры сыпырылып түсті. 1975 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы – 200 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы