БҚО-да көпірдің бір бөлігі опырылды

Аталған көпір 1962 жылы салынған. Қазіргі таңда нысанды күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

 скрин Бүгiн 2026, 03:23
Бүгiн 2026, 03:23
113
Фото: скрин

Батыс Қазақстан облысында Шаған өзені үстіндегі көпірдің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 30 сәуір күні республикалық маңызы бар Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы автожолының 247-шақырымында жоспарлы тексеру кезінде көпірдің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде жергілікті зақым анықталған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көпірдің негізгі жүріс бөлігі мен тірек конструкциялары бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жалғасып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, зақым жаяу жүргіншілер бөлігі металл элементтерінің коррозиялық тозуынан болуы мүмкін. Нақты қорытынды қосымша техникалық тексерістен кейін белгілі болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға орнында уақытша қоршаулар орнатылып, жол қозғалысын реттейтін қажетті техникалық құралдар қойылған.

Аталған көпір 1962 жылы салынған. Қазіргі таңда нысанды күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Биыл жыл басында қаржыландыруға қатысты ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органға жолданған.

Наверх