БҚО-да көлік су арнасына батып, 2 адам қайтыс болды

4 Қаңтар 2023, 12:42
691
Бөлісу:
БҚО-да көлік су арнасына батып, 2 адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында автокөлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам қайтыс  болды, деп хабарлайды BAQ.KZ  БҚО Полиция  департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПД мәліметінше, оқиға 2 қаңтар күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында болды.

Сағат шамамен 15.30-да Тоған ауылынан 3 шақырым жерде 1962 жылғы жүргізуші көктайғаққа байланысты Lada Vesta  автокөлігінің руліне ие бола алмай, Бударин арнасына түсіп кетті. Жол апаты салдарынан автокөлікте отырған 1961 жылғы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты.

Түрлі жарақаттармен тағы екі әйел Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, біреуі сонда жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Қазір Қылмыстық ңодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, үшінші әйел қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Өзгелердің жаңалығы