БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

12 Желтоқсан 2023, 08:17
598
Бөлісу:
БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Сарыөмір ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Медициналық мекеменің ғимараты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасының шеңберінде салынды. Ұлттық жобаның шеңберінде барлығы 50 медициналық объектінің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда тапсыруға жоспарланған 12 медициналық объектінің 5-еуі пайдалануға берілді.

Дәрігерлік амбулаторияның қабылдау қуаты күніне 35 адамға дейін, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және ауылда 22 адамды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Дәрігерлік амбулаторияға жалпы практика дәрігерінің кабинеттері, емшара, физиотерапиялық, стоматологиялық кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар, дәріхана, дені сау бала бөлмесі және т.б. кіреді.

Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 92 млрд теңге бөлінгенін, 5,5 млрд теңгеге 204 бірлік медициналық жабдық сатып алынғанын айта кеткен жөн. Бұдан басқа, облыстық бюджет қаражатының есебінен 1,7 млрд теңге сомасына облыстың денсаулық сақтау жүйесі үшін 81 бірлік санитариялық автокөлік сатып алу жоспарланған, оның 50-ден астамы ұйымға жеткізілген.

Өзгелердің жаңалығы