БҚО-да 8 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылды

4 Наурыз 2023, 21:06
1174
Бөлісу:
БҚО-да 8 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылды

Қазір облыс аумағында 74,2 км арық жүйесі және 27,5 км канал тазартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен «Азаматтық қорғаныс айлығы» шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында ауқымды шара жүргізіліп жатыр.

Игі бастама облыстың жергілікті атқарушы органдарының өзара бірлескен жоспарына енгізілді.

Жүргізілген іс-шара барысында, көшелер бойындағы мұз ойылып, көшелер мен аулалардағы жиналып қалған қар шығарылуда. 

Сонымен қатар, судың өз арнасымен жүруіне жағдай жасалуда.

Акция барысында қазіргі уақытта облыс аумағында 74,2 км арық жүйесі және 27,5 км канал тазартылды, 13200 м3 қар шығарылды, 1275 м2 аумақта қамыс шабылып, мұз бұрғылау жұмыстары барысында 1340 ойық жасалды, - делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы айлық барысында су тасқынына қарсы іс-шараларға ТЖМ Батыс Қазақстан облысындағы бөлімшелерінен, жергілікті атқарушы органдардан, коммуналдық қызметтерден, Ұлттық ұлан бөлімшесі 5517 әскери бөлімінен 300-ден астам техника және 8 000-нан астам адам, волонтерлер, жергілікті халық жұмылдырылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің тұрғындарын да жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысуға шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы