БҚО-да 360-тан астам құқық бұзушы ұсталды

8 Қаңтар 2022, 14:36
1484
Бөлісу:
БҚО-да 360-тан астам құқық бұзушы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 360-тан құқық бұзушы ұсталды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицияға жеткізілген 363 құқық бұзушымен әңгімелесу жүргізілген. Сонымен қатар 27 адам мән-жайды анықтауға дейін ұсталған. 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Айта кетейік, 5 қаңтар күні сағат түнгі 03.00-де арматура, тас, таяқтармен қаруланған топ облыс әкімдігі ғимаратына шабуыл жасауға әрекеттенді.

Шабуылды тойтару кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Сол секілді 4 қаңтар күні митингіге шыққандар Ақсай-Орал, Ақсай-Шыңғырлау жолдарын жауып тастады. Оқиға орнына келген БҚО полиция департаментінің бастығы Мақсұтхан Аблазимов өз талаптарын білдірген азаматтармен келіссөз жүргізді. Соның нәтижесінде Бөрлі ауданының 250-ден астам тұрғыны үйлеріне тарады. Қазіргі уақытта облыстағы жағдай құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түнде мас жүргендер ұсталғанын, Батыс Қазақстан облысында автокөліктен граната табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ өңірде бес блокпост орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы